АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Топ жетекшілерінің жиналысы

09.04.2021

Ағымды жылдың 2 сәуірде Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде топ жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысы өтті.

Жиналыс барысында «Жаңа коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеттің және вакцинаның ерекшеліктері туралы: топ жетекшілерінің міндеттері» туралы тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары Алиева К.М. сөз сөйледі. Вакцина бізге әдеттегі карантиндік шектеусіз өмірге оралуға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Вакцина аурудың алдын алудың ең тиімді шарасы, денсаулықты қорғаудың сенімді әдісі болып табылады. 2021 жылдың 1 тоқсанында кәмелетке жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары туралы З-СКХ-19 тобының топ жетекшісі Койшибекова Б.Б. және З-ТМ-19-1 Шурманова Ж.Т. баяндама жасады. Колледждегі психологиялық-педагогикалық қызметтің жұмысы туралы педагог-психологтар Кайратов К.К. пен Сарсембаева Ш.К. сөз сөйледі.

Келесі ұсыныстар берілді: әр топ жетекшісі студенттермен тығыз байланыста болуы керек, олардың психо-эмоционалды жағдайына назар аударып, оқу үлгерімі мен сабақтан тыс уақытта айналысатын қызығушылықтарын білгендері абзал. Сондай-ақ, топ жетекшілері колледжде Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін құру туралы ережемен танысты. Кездесулер сындарлы жағдайда өтіп, барлық ұсыныстар ескерілді.

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст