2021 жылы 31 наурыз ZOOM платформасында «Қазіргі заманғы инновациялық даму құралдары мен тетіктері» тақырыбында оқытушыларға, өндірістік оқыту шеберлеріне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Атырау облысы Білім беру басқармасының әдістемелік орталығында өтті. Конференция мақсаты: Техникалық және кәсіптік беру жүйесіндегі жаңа инновацияларды, технологияларды зерттеу және енгізу. Атырау облысы Білім беру басқармасының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктер,педагогтер, өндірістік оқыту шеберлері қатысты. МКҚК«Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің » тарих пәнінің оқытушысы Бектенова А.Ш «Тарих пәнін қашықтықта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбымен, «ELECTUDE-ВИРТУАЛЬНАЯ ПЛАТФОРМА ДИСТАНЦИОННОГО ОБУЧЕНИЯ» тақырыбымен арнайы пәндер оқытушысы Аяпбергенов Заиржан Жуматаевич қатысты.