Текст
SENSYS Engineering халықаралық көлік технологияларын қолдау және дамыту орталығы "Автобизнес академиясы" курсын ұйымдастырды, оған арнайы пәндер оқытушылар Аяпбергенов З.Ж, Молдахметов Н.Е. қатысты. "Е-оқытушы. Бастапқы деңгей" куәлігімен марапатталған. Курстың негізгі мақсаттары электрондық оқыту жүйесінде "автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу" бағыты бойынша оқытудың күрделі техникалық бөлімдерін меңгеретін студенттердің өзіндік дайындығын ұйымдастыру, бақылау, талдау және бағалау әдістері туралы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру болып табылады.