Текст
Бүгін, 2021 жылдың 18 наурызында Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК базасында WorldSkills Aqmola - 2021 кәсіптік шеберліктің VI аймақтық чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Бұл чемпионат Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізіліп, қазақстандықтардың жас ұрпағына үлкен үміт артылады. Біз чемпионаттың барлық қатысушыларына лайықты нәтижелер тілейміз!