Бүгін Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау қаласы,Жоғары техникалық колледжі" МКҚК-да ҚР аумағында алғашқы "1С" Сертификатталған оқыту орталығының ресми ашылуы өтті. Ашылу салтанатына "1С Қазақстан" Оқу орталығының басшысы Ғалия Мұратқызы Керейбаева және Халық Банк өкілі Бралинов Данат Мейрамович қатысты.
СОО-ның ашылуы оқу орнының студенттері мен оқытушыларының мүмкіндіктерін кеңейтіп және вендор әзірлеген курстар бойынша сертификатталған оқытушыларда "1С:Кәсіпорын 8" желісінің өнімдері бойынша қолжетімді және сапалы оқытуды қамтамасыз етеді. СОО "1С:Кәсіпорын 8" платформасын және қолданбалы шешімдерді жобалау кезінде салынған әдіснамаға толық сәйкес келетін оқытуды жүргізу үшін материалдардың толық және дайын жиынтығын алды, бұл ретте сертификатталған курстарға бағдарламалық өнімдердің жаңа редакциялары шыққан сайын қолдау көрсетіледі және жаңартылады.
Курстарды оқитын оқытушылар әр курс бойынша оқудан өтіп, оқыту құқығына емтихан тапсырды. СОО-ның әрбір оқытушысы біліктіліктің жоғары деңгейін куәландыратын атаулы сертификатқа ие. Оқу аяқталғаннан кейін әрбір тыңдаушы оқу курсынан өткені туралы ресми куәлік алады.