17.03.2021 жылы Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Щучинск қаласының Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің ұйымдастыруымен "Экология және табиғатты пайдаланудың өзекті мәселелері" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты: экологиялық сипаттағы өзекті мәселелердің тұжырымдамасын анықтау, жүйелеу, түсіндіру және жалпылау; қоғамның назарын жергілікті және жаһандық ауқымдағы экологиялық проблемаларға аудару; педагогтардың білім беру әлеуетін, олардың экология мәселелеріндегі құзыреттілігін қалыптастыру. Көкшетау қаласының ЖТК оқытушылары конференцияға қатысып, баяндамаларымен сөз сөйледі. "Табиғатты пайдалану мен қорғаудың экологиялық проблемалары" - тарих пәнінің оқытушысы Аяжан Шотпаевна Бектенова; "Автокөлік және қоршаған орта: Қазақстандағы проблемалар мен оларды шешу жолдары" - арнайы пәндер оқытушысы Қымбат Уәлихановна Курманова; "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық-құқықтық аспектілер" - тарих пәнінің оқытушысы Азамат Төлеубекұлы Рахимжанов баяндама жасады.