Тамаша мереке - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде инженерлік-педагогикалық қызметкерлер-техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға, студент жастарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосқан әйелдерге мерекелік құрмет көрсетілді.
Колледж басшысы Еслямова Ақнұр Қабиденқызынан жылы лебіздер айтылды, кәсіподақ комитетінің төрағасы Ракецкий Олег Геннадьевичтің құттықтау сөздері айтылып, жиналғандарға көктемгі және мерекелік көңіл-күй, махаббат, нәзіктік, жылулық тіледі. Ақмола облысының облыстық білім кәсіподағы атынан әйелдерге бағалы сыйлықтармен грамоталар табыс етілді.
Мейірім нұрын шашқан күнімдейсің
Өмірімнің қуат көзі өзің деймін
Жаным менің жалғысырап қалғандайын
Бір көрмесем өзіңді мен іздеймін!