Текст
"SANA" Зияткерлік орталығының білім беру порталында "Бейімдік дене шынықтырудың теориясы мен әдістемелері" онлайн семинары ұйымдастырылды, оған дене шынықтыру оқытушылары Кельш А.В., Таласбаева С. К. қатысты. Семинар шеңберінде келесі сұрақтар қарастырылды: бейімдік дене шынықтырудың негізгі ережелері, бейімдік дене шынықтырудың құралдары, түрлері, әдістері және формалары, бейімдік дене шынықтырудың Қазақстандағы қазіргі жағдайы. Қатысушылар сертификаттармен марапатталды.