Текст
22.11.2024
WorldSkills-2024 IX Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты елдің әртүрлі оқу орындарының өкілдерін бірге жинады. Іс-шара IT, дизайн, электроника және басқа да көптеген кәсіби салалардағы жастардың біліктілігі мен дағдыларын көрсетуге арналған алаңға айналды.
Мұндай шаралар кәсіптік білім беруді дамытуға маңызды үлес болып табылады және білім беру мекемелері мен нндустрия арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. Чемпионат талантты жастарды анықтап қана қоймай, студенттердің одан әрі кәсіби өсуіне түрткі болады.




