Текст
22.11.2024
16 қарашада Астанада техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (ТжКБ) басшыларының «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ВЕКТОРЫ» атты республикалық форумы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің ТжКБ департаменті «Talap» КЕАҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Форумда қазіргі заманғы білім беру стандарттарын енгізуді, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жетілдіруді, сондай-ақ еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті білікті мамандарды даярлауды қоса алғанда, елдегі ТжКБ жүйесін дамытудың негізгі аспектілері талқыланды. Қатысушылар кадрларды даярлау саласында тәжірибе және үздік практикаларымен алмасты, өзекті сын-қатерлер мен оларды еңсеру жолдарын талқылады.
Форум Қазақстандағы жұмысшы мамандықтарды бірлесіп дамытуға және қолдауға бағытталған білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы сындарлы диалогтың тұғырнамасына айналды.
Марапаттау рәсімінде өз саласының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті қатысушылар аталып медальмен марапатталды.
Медаль өз ісіне адалдығын мен еңбегінің мойындалғаның білдіреді. Әріптестерді жоғары стандарттар мен кемелдікке ұмтылуға шабыттандыруыңызды тілейміз!



