1953 жылы негізі қаланған WorldSkills халықаралық қозғалысының мақсаты - бүкіл әлем бойынша кәсіби даярлық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын арттыру, кәсіби шеберлік бойынша халықаралық жарыстар өткізу арқылы жұмысшы мамандықтарды танымал ету.
Колледжішілік чемпионатты өткізудің негізгі мақсаты-WorldSkills Kazakhstan-2021 өңірлік кезеңіне іріктеу, сондай-ақ жұмыс берушілердің нақты сұраныстарына бағдарланған кәсіптік білім берудің қажеттілігін арттыру. Сонымен қатар, мұндай жарыстарға қатысу студенттерге өздерінің дайындық деңгейлерін және оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік береді.
"Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету" құзыреттілігі бойынша колледждің "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану"мамандығы бойынша оқитын 6 студенті жарысты. Қатысушылар келесі модульдер бойынша өз біліктері мен дағдыларын көрсетті: 1. ЭБУ диагностикасы. 2. МКПП қызмет көрсету. 3. Қозғалтқыш механикалық бөлігі. 4. Автокөліктің басқарылатын дөңгелектерін орнату бұрыштарын диагностикалау. 5. Дәл өлшеу. Сарапшылар қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтай отырып, орындалатын жұмыстардың сапасына ерекше назар аударды.
Чемпионат туралы Ережеге сәйкес сараптау комиссиясы жеңімпаздарды анықтады:
1 орын-Гусаков Роман гр. 32-МТ, 3 курс
2 орын-Костубаев Диас гр. БТМ-18-9, 3 курс
3 орын-Николаев Иван гр. БТМ-18-9, 3 курс
Комиссия мүшелері қатысушыларды табыспен құттықтап, WorldSkills Kazakhstan-2021 өңірлік чемпионатында жаңа жеңістер тіледі.
Автомеханикалық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі Нурумов А.