АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үлгерімі төмен студенттермен жұмыс»

22.02.2021

 

 


Үлгерімі төмен студенттерде дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Студенттердің негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Студент меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу студенттер әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және мәтінді қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен болады. Үлгерімі төмен студенттердің ақыл - ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған, білім қоры аз. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Бұндай студенттердің кемшіліктері төмендегідей:

1) мәтінді оқығанда әріп, буын немесе сөз қалдырып оқу;

2) кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.

Мұндай кемшілігі бар студентке оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс студентті жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.

Студенттердің артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Студенттердің ақыл – ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек. 

Білім ордасы студентке жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу, оқыту, талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Студенттерді топтарға бөлу критерийлері:

1- топ. Нашар оқитын студенттер. Олар баяу әрекет етеді, топқа ілесе алмайды. Егер осыларды есепке алмасақ, оқуға деген қызығушылықтары төмендейді топтастарынан қалып қояды. Бұл студенттер үшін өткен материалдардан тапсырмалар берілуі керек және тапсырмалардың көлемі шағын болуы тиіс.

2-топ. Бұл топтың студенттеріне материалды естеріне сақтау үшін көп рет қайталау қажет. Сырттай олардың психологиялық ерекшеліктері асықпайтындығынан, жоғары эмоционалдығынан, зейінінің төмендегінен және жинақы еместігінен байқалады. Олар үшін жинақтауға берілген тапсырмалар қиын. Мұндай студенттерге әр –әрекетті ауызша түсіндіруді талап ететін тапсырмалар ұсыну маңызды.

Оқыту барынша тиімді болу үшін, оқытушы әр студенттің әлсіз және күшті жақтарын, кемшілігі мен қол жеткізген табыстарын жақсы білуі қажет.

Оқу материалын қорытындылап, бір жүйеге келтіру іскерлігін қалыптастыру үшін күрделілігі әр алуан кестелер мен сызбалар түріндегі тапсырмалар берілген дұрыс. Мысалы, оқытуда түрлі жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолдануға болады.

    Үлгерімі төмен студенттермен жұмыс істегенде дидактикалық материалдарды ұтымды пайдаланудың мәні зор. Сондықтан әрбір тақырыптар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар, карточкалар даярлап қолдану керек. Білім сапасы төмен студенттермен жұмыс жүргізіп, қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ – жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ, сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, студенттің басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын. 

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Садвакасова Асель Ауэзхановна

 

Просмотров: 465


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст