Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінде студент-жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары аясында 1-2 курс студенттері арасында Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкері, полиция майоры Р.Т. Курсановамен кездесу ұйымдастырылды. Разия Талғатқызы студенттерге есірткі туралы, олардың таралу жолдары, түрлері, есірткіні сақтағаны, сатқаны және есірткіні тұтынуға итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілік, оларды қолданудың салдары туралы айтып берді. Ол есірткіні тұтыну және таратқаны үшін Қазақстан Республикасы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілік туралы заң күшіне енген алғашқы мемлекет екенін айтты.
Есірткіні білім беру мекемелерінің аумағынан тыс жерлерде сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік 7 жылдан басталса, ал білім беру мекемесінің аумағында таратқаны үшін 15 жылдан басталады. Бұл дәрістің мақсаты: студенттер арасындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу.