АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Біз бәріміз бірдейміз"тақырыбында тәрбие сағаты

19.02.2021

Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықты. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген.

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете білім, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алған абзал. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

Осыған орай 2021 жылғы ақпанның 17 күні «Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Біз бәріміз теңбіз» тақырыбында «Сәулет» мамандығы бойынша А-19 тобында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Аталмыш тәрбие сағатына ТІ жөніндегі басшының орынбасары Алиева Клара Майдановна және бөлім меңгерушісі Кикимова Гульнар Ахметовна қатысты.

Тәрбие сағаты барысында ТІ жөніндегі басшының орынбасары Клара Майдановна кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің жасаған бұзақылығы, заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта қоғамдық орындарда болуы, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу, қоғамдық жерлерде қоқыс лақтыру сияқты құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаға тартылатындығы туралы мәлімет берді. Бөлім меңгерушісі Гульнар Ахметовна топ студенттерінің оқу үлгерімі мен қашықтықтан сабаққа қатысу көрсеткіші туралы сөз сөйледі.

Сонымен қатар әлемді жаулаған пандемиядан сақтану шаралары мен қоғамдық орындарға жиі бармауын еркертті.

 

Просмотров: 1276


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст