17.02.2021 жылы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК-да WorldSkills Kazakhstan стандарттарына сәйкес 24 «Жиһаз өндірісі» құзыреті бойынша колледж қарамағында кәсіби шеберлік байқауы өтті. Жеңіске жету үшін жиһаз жасаушы сызу, сызбаны оқу, қажет болған жағдайда сызбаға өзгерістер енгізу, белгілерді жоғары деңгейде жасау, байланыстыру, өнімді құрастыру, қажет болған жағдайда өнімді орнату және оны әрлеу шеберліктеріне ие болуы керек.
Байқауға колледждің үш студенті, яғни З-ТС-18-9 және ТС-19-11 топтарының үшінші курс студенттері Шатов Н. пен Егоров К. және TС-20-T тобының төртінші курс студенті Галиева А. қатысты.
Байқау тапсырмасы таңбалау, бұрғылау, жиектерді бекіту және компьютерлік үстел жинау тәрізді бірнеше модульдерден тұрды.
Байқауды басталмас бұрын студенттерге қауіпсіздік техникасы туралы нұсқаулар беріліп, құралдар-саймандар таратылды. Білім алушылар бірнеше сағат ішінде тапсырманы орындады.
24 «Жиһаз өндірісі» құзыреті бойынша колледж қарамағында өткен кәсіптік шеберлік байқауының жеңімпазы болып колледждің төртінші курс студенті Галиева Амина анықталды, ол тапсырманы бірінші болып орындады және үшінші курс студенттері К.Егоров пен Н.Шатовтан озып шықты.
Құрылыс мамандықтары бөлімінің меңгерушісі Кузьмина Н.А