2021 жылы 11 ақпанда «Ішкі санитарлық қондырғыларды монтаждау және пайдалану, желдету және инженерия жүйелері» мамандығының ЗСКХ-20 тобы студенттеріне «Менің мамандығым - дәнекерлеуші, менің болашағым!» атты шеберлік сыныбына қатысумен Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің шеберханалары мен құзыреттілік орталықтарына экскурсия ұйымдастырылды. Студенттер шеберханалардың, құзыреттілік орталықтарының қызметімен және осы орталықтар жабдықталған жоғары технологиялық заманауи жабдықтармен үлкен қызығушылықпен танысты. Олар болашақта оқу және өндірістік практика барысында өздері осы өндірістік құралдарда жұмыс жасайтындығына қуанды. Өндірістік оқыту шебері С.А.Герасименко ұйымдастырған мастер-классқа қатысу студенттерге іс жүзінде болашақ мамандықтарының негіздерін үйренуге мүмкіндік берді. Студенттер экскурсияға өте риза болып және өндірістік оқытудың басталуын асыға күтуде.
НЖҚ бөлімінің меңгерушісі Даирова Р.М.