Ағымды жылдың 11 ақпан күні «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі, әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Қали Дәмежан Жоламанқызы студенттермен бірге Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінің студенттік клубының кезекті отырысын өткізді.
Отырыста келесі мәселелер қарастырылды: - студенттер қауымдастығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру үшін кездесулер, әңгімелер, дөңгелек үстелдер, дебаттар, конкурстар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру; - сыбайлас жемқорлықты анықтау фактілері бойынша студенттерден сауалнама алу.
«Саналы ұрпақ» студенттер клубының мүшелері клуб жұмысында қоғамға деген сенімділікті қалыптастыру және студент-жастарға өздерін адал және құрметті адам ретінде тануға мүмкіндік беру маңызды деген қорытындыға келді.