АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Халықаралық онлайн курс. Сингапур. Ғылым, технология, инженерия және математиканы оқытудағы және зерттеудегі инновациялар (STEM)

11.02.2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "TALAP" КЕАҚ және TEMASEK FOUNDATION – Nanyang Polytechnic International (Наньян халықаралық политехникалық институты, Сингапур) бірлесе отырып, 2020 жылдың желтоқсан айында "Ғылым, технология, инженерия және математиканы оқытудағы инновациялар (STEM)" тақырыбында 10 күндік онлайн оқыту курсын ұйымдастырды. "Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінен" "STEM оқыту және үйрену инновациялары" жобасына басшының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Ибраев Нартай Ерназарұлы қатысты. Онлайн тренинг аясында: экономика мен еңбек ресурстарын дамытуға арналған STEM, химия және өмір ғылымдары мектебіндегі STEM бастамалары, салалық жобалар - STEM түсінуге арналған біріктірілген оқыту платформасы және STEM үшін төңкерілген оқыту, миллениалдар ұрпағының оқушыларын STEM оқуға ынталандыру мәселелері зерделенді.

         Оқыту аясында Наньян политехникалық институты, NYP инженерлік мектебі, Smart Campus, кітапхана, NYP IT мектебі, NYP MakerSpace кәсіпорны және басқа да нысандар бойынша виртуалды тур ұйымдастырылды.

         Курс қорытындысы бойынша Ақмола облысы ТжКББ жүйесінің білім беру үдерісіне STEM технологияларын енгізу бойынша жоба қорғалды.

 

 

 

Просмотров: 274


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст