Текст
Nail-art - қол мен аяқтың тырнақтарын безендіру, бояу тәсілі. Ол сұлулық салондарында кеңінен танымал болып және тәуелсіз термин ретінде қолданылады. Оны қол мен аяқтың тырнақтарында қолданылатын сәндік-қолданбалы өнер жанры ретінде қарастыруға болады. Өндірістік оқыту шебері Поль Надежда Михайловна оқу маникюр кабинетінде "Nail art. 2021 жылдың трендттері" атты мастер класс өткізді. Француз маникюрі, металлдық ысқылау, жұқа сызықтар мен градиент дизайндары қамтылды. Қолдану техникасы кезеңдер бойынша көрсетіліп, әрбір дизайн жеке түсіндірілді.