Текст
2021 жылы 4 ақпанда Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің машина жасау мамандығының студенттері WIDIA және VARGUS компанияларының ресми өкілі "ФИРМА РАЙД" ЖШС ұйымдастырған "WIDIA және SolidCAM бірге жоғары жылдамдықты фрезерлеу" тақырыбындағы вебинарға қатысты.
Вебинар барысында студенттер металды фрезерлік өңдеудің заманауи үлгілерімен, кесу режимдерінің мақсаты туралы егжей-тегжейлі танысып, қойылған сұрақтарға жауап алды.
Вебинар баяндамашылары Давид Гонтарьға (SolidCAM, Израиль), Владимир Жеребцовқа (Widia, Ресей) ұсынылған тақырыптардың мазмұнды әрі жемісті бағдарламасы мен өзектілігі үшін алғыс айтқым келеді.