АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Компаниялармен серіктес орнату - студенттер тәжірибесіне зор үлес қосады

28.01.2021

Бүгінгі таңда біздің алдымызға негізгі міндет – жұмыс берушіге қажет білікті жұмысшылар мен мамандардың еңбек нарығының талаптарына сәйкестігі. Кәсіби оқу орнын бітірген сәттен бастап бәсекеге қабілетті жаңа типтегі маман дайындау-уақыт талабы.
Көп нәрсе жұмыс берушілер мен оқу орнының қарым-қатынасына да байланысты, бұл заман талабына сай жаңадан "әлеуметтік серіктестік" деп аталады. Әлеуметтік серіктестік арқылы біз материалдық және әлеуметтік негізделген ынтымақтастық пен мүдделерді іс жүзінде жүзеге асыру процесі деп түсінеміз. Колледж үшін әлеуметтік әріптестіктің мақсаты оқу орнының негізгі міндетін табысты шешу — жұмыс берушілердің талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады. Біздің колледж "ENKI", "КАИК", "Регион строй", "СейНур", "Көкшетау Автодор"әлеуметтік серіктестерімен серпінді және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жүзеге асырады. "Тыныс" АҚ әлеуметтік серіктесі үшін колледж ӨЖЖ аппаратының негізгі торабының бірі - коллектор корпусын дайындады, дайын өнімді шығару әлеуметтік серіктестердің – "КАЗПРИЦЕП" ЖШС, "Камаз Автосервисный центр" ЖШС, "ProBuild" ЖШС тапсырыстары бойынша жүргізілді, сондай-ақ колледж базасында мүгедектер арбасына арналған қосалқы бөлшектер дайындалады.

Әлеуметтік серіктестермен бірлесіп жұмыс істеу, кеңес берудің негізі мен сипатын анықтау, оқу құралдарын таңдау, қолайлы білім беру технологиясын таңдау, студенттің бірлескен және жеке іс-әрекетін ұйымдастыру еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.

Просмотров: 338


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст