Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенттері үшін 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінің бірінші аптасы сәтті өтті.
Колледжде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты білім беру процесін тиімді ұйымдастыру үшін барлық жағдайлар жасалған:
- аудиториялардағы сабақтар маска режимін ескере отырып, кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып, аудиторияны 15 адамнан артық толтырмай жүргізіледі;
- студенттерге, оқытушыларға, өндірістік оқыту шеберлеріне, басқа қызметкерлерге, ата-аналарға (заңды өкілдерге) санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқаулық өткізілді;
- барлық 4 оқу корпустарында және 2 студенттік жатақханаларда медицина қызметкерлері күн сайын білім алушылардың, оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің, қызметкерлердің температурасын өлшейді;
- аудиторияларды, кабинеттерді және басқа да үй-жайларды желдету, кварцтау жүргізіледі;
- міндетті маска режимін енгізу;
- аудиторияларды әрбір екінші сабақтан кейін, дәліздердегі, рекреациялардағы, холлдардағы және басқа да үй-жайлардағы ауысымдар арасында ылғалды жинау;
- 4 оқу ғимараты мен 2 студенттік жатақханада туннельдер, барлық қабаттарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылған;
- 30 000 астам маскалар, заттардың, кабинеттердің, рекреациялардың, холлдардың және басқа да үй-жайлардың бетін өңдеу үшін жеткілікті дезинфекциялау құралдары сатып алынды.
Құрметті студенттер сіздерге санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтау туралы тағы да еске саламыз!
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Сіз Call-center-ге хабарласа аласыз - 8(716- 2) 50-90 -10, 51-04-24. Қоңырау шалыңыз, біз сізге міндетті түрде көмектесеміз.
Баршаңызға зор денсаулық, табысты оқу және амандық тілейміз!