АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖТК-К Бизнес инкубаторы-табыс тарихы!

25.01.2021
Өткен жылдың басында Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледж базасында "Өңірлік бизнес инкубатор" жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты Ақмола облысының ТжКБ жүйесінде білім беру процесінің тиімділігін арттыруда мүдделі тараптарды шоғырландыру болып табылады. Бір жыл ішінде белгілі бір қиындықтарға қарамастан, белгілі жұмыс көлемі атқарылды, тиісті нәтижелерге қол жеткізілді, жоба серіктестері тарапынан қолдау көрсетілді.
Жұмысты бастау үшін Жоғары техникалық колледж әкімшілігі "Кәсіпкерлік негіздері" курсын жүргізуді бизнес-тренер Сәкен Ғабитұлы Қаженовке сеніп тапсыру туралы шешім қабылдады. Шағын және орта бизнесті қолдау саласындағы көп жылдық тәжірибе мен сараптама өз нәтижелерін берді. Курстың жиырма тыңдаушысының екеуі облыстық комиссия алдында өздерінің бизнес жоспарларын қорғап өздерінің бизнес-идеяларын қолдауға грант алды.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жобаға көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін Ақмола облысы білім басқармасының басшылығына және өңірлік Кәсіпкерлер палатасына Валерий Гамазов пен Ақылбек Смағұловқа үлкен алғысымызды білдіреміз.
Қазіргі уақытта, жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, біз бастаған істің жалғасуын және дамуын мәлімдейміз, Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі әріптестерімізбен тәжірибе бөлісуге дайынбыз.
Просмотров: 399


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст