АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Технологиялық жабдықтарды автоматтандыру және баптау жөніндегі оқу-өндірістік орталығы

21.01.2021

"Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі" МКҚК "Жас маман" жобасын іске асыру шеңберінде автоматтандыру және технологиялық жабдықты баптау жөніндегі оқу-өндірістік орталығына екі осьті еңкіш-бұрылмалы үстелі, СББ дөңгелек тегістеу станогы, әмбебап сынау және метрологиялық стенд, СББ бар бес осьті әмбебап тік-фрезерлік өңдеу орталығы орнатылған. Технологиялық жабдықты автоматтандыру және баптау жөніндегі оқу-өндірістік орталық жабдықты монтаждауға дайын. Орталық жұмысы келесі міндеттерді орындауға бағытталған:

* Барлық санаттағы азаматтарды үздік әлемдік стандарттар мен практикаларға, оның ішінде "WorldSkills"стандарттарына сәйкес келетін деңгейде неғұрлым талап етілетін, жаңа және перспективалы кәсіптер мен құзыреттер бойынша даярлау.

* Кәсіби бағдарлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру.

* СББ бар станоктарда дайын өнім шығару бойынша жұмыс.

Орталық цилиндрлік беттері бар бөлшектерді, біліктердің иықтары мен мойындарын жоғары дәлдікпен өңдеуге арналған. Стационарлық және жылжымалы әмбебап сынақ және метрологиялық стендтер өлшеу құралдарын сынауға, жөндеуге, баптауға, калибрлеуге және тексеруге, оның ішінде қысым, температура, тұрақты және ауыспалы кернеу мен токты, кедергі мен жиілікті генерациялауға арналған.

Abplanalp инжиниринг АК инженерлері Кочергин Д.Р. және Богословский Е.А.  колледждің өндірістік оқыту шеберлерін және АҚ Тыныс әлеуметтік серіктестерінің өкілдерін СББ-мен жаңа жабдықта жұмыс істеу үшін оқытуды жүргізуде.

Просмотров: 377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст