Уақыт айнасындағы ару қалам, Астанам.
Елбасымыздың : «Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге олардың ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты» деген сөздерін негізге ала отырып, Көкшетау қаласының Жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиет және әлеуметтік пәндерінің оқу- әдістемелік бірлестігі 26.04.18 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық рухымызды жаңғырту мақсатында қала деңгейінде «Уақыт айнасындағы сүйікті қалам» атты Астананың 20- жылдық мерейтоына арналған салтанатты іс –шара өткізді.
Осы іс- шара шеңберінде өткізілген интелектуалды сайысқа Көкшетау қаласының Сервистік-техникалық колледжінің тарих пәні оқытушысы Бектенова Аяжан Шотпаевна мен студенттер командасы , және Құрылыс- техникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Кенжебаев Анара Сериковна мен студенттер командасы қатысты.
Интелектуалды турнир кезінде ақпараттық инновациялық технологиялар қолданылып, сайыс дыбысталған анимациялы сұрақ- жауап ойын түрінде өткізілді. Жоғары колледж командасы «Патриоттар», Сервистік-техникалық колледжі командасының аты «Махіmum KZ» және Құрылыс- техникалық колледжінің командасы «Жалын» төрт номинация бойынша сайысқа түсті: 1. Астана – бейбітшілік қаласы. 2. Жаңа Астана-ежелгі қазақ жерінің төрі. 3. Музыкалық қобдиша. 4.Тарихи хроника. Сайыс нәтижесінде бірінші орынды Жоғары колледж командасы жеңіп алды, ал екінші орынға Құрылыс- техникалық колледжінің және үшінші орынга Сервистік-техникалық колледжінің командалары ие болды.
Бұл іс-шараны көңілді, қызықты және тартымды өткізуіне өз үлесін қосқан студенттер: Сарсенбаев Темірлан , Жабагин Темірхан, Аманбек Қазбек, Айтмагамбетова Зарина, Тлепберген Саяжан, Жүсіпбаева Дилара, Жуматов Думан, Турлыбеков Диас, Хабиден Сымбат.
Командалар өзара тіл табысып белсенділік көрсетті . Сайыс кезеңдерінде командалар арасында достық, сонымен қатар бәсекелік сезімдері де байқалып тұрды, өйткені әр колледж тобы алда болғысы келді. Қазылар алқасы командалардың елтану бойынша білімдерін жоғары бағалады.
Осындай патриот жастар жасай берсін! Ел болашағы жастар қолында . Осындай қала колледждер арасында өткізілетін сайыстар мен салтанатты іс-шаралар студенттрдің достық патриоттық , сыйластық пен мәдениеттілік қасиеттерін арттырады.