АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

26.04.2018

Адамзат ес білгелі өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді, себебі ұрпақ тәрбиесі ұлттық тәрбиесі. Қазіргі заман талабына сай   елбасы арнайы тоқталып өткен математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту қажеттілігі туындап отыр. Себебі XXI ғасыр-ақпараттық технология ғасыры, сондықтан студенттердің болашақта өз  маман иесі болуы үшін, осы технологияны жетік білуге үйретуде математика, жаратылыстану ғылымдарын жақсы меңгеруге жағдай жасауымыз керек.

Мен елбасымыздың Рухани жаңғыру аясында Көкшетау қаласы, Жоғары колледжінде қазақ тілінде білім алып жатқан ГЕО-17 тобында математика  пәніненашық  түрде  «Нақты санның n- ші дәрежелі түбірі және оның қасиеттері» атты тақырыпта онлайн сабақ  өткіздім.

Сабақтың мақсаты осы аталған  тақырыпты игере отырып,студенттердің  нақты санның түбірі туралы ұғымын  және оның қасиеттері бойынша білімдерін тереңдету,түбірдің қасиеттерін есептер шығаруда қолдануды үйретуге  бағытталып, студенттерді ұқыптылыққа,нақтылыққа,шапшаң ойлап, тез шешім 

қабылдауға, өз-өзін бағалай білуге тәрбиелеуге, олардың ой- өрістерін дамытып,логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға,түбірдің  қасиеттерін есеп шығару кезінде қолдана  білу білік-дағдыларын және теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.Сабақта түрлі инновациялық,саралап – деңгейлеп оқыту әдіс- тәсілдерін қолдандым. Сабақ өз мақсатына жетті деп айта аламын.

Әрбір елдің болашағы жастардың қолында. Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім,талант пен талапты бойына сіңіре білген мамандық иелерін қажет етеді. Осы заман ағысына, талабына сай білімді, білікті, бәсекеге қабілетті, парасатты жас мамандарды даярлауға, тәрбиелеуге,атсалысайық құрметті әріптестер!

Просмотров: 749


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст