АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас Сарбаз»

16.11.2020

Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледждің «Номад» және «Алия» әскери-патриоттық клубтарының мүшелері "Салауаттық ұрпақ саламатты Қазақстан» бағдарлама шеңберінде Ақмола облысының «Ауған соғысының ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен өткен Көкшетау қаласының студенттері арасындағы әскери далалық дайындықтың жеңімпаздары. Олар пневматикалық мылтық ату, тосқауылдарды еңсеру, кермеге тартылу (ер балалар), жер бедерінен кеудені көтеру (қыздар), Калашников автоматын толық емес бөлшектеу және құрастыру бойынша жарысты. «Алия» ӘПК мүшелері өте жақсы нәтиже көрсетті: Айдарбекова Карина Калашников автоматын толық емес бөлшектеу және құрастырудан; Сейтбекова Самира жер бедерінен кеудені көтеру жарысынан тамаша нәтиже көрсетті. «Номад» ӘПК мүшелері Бүркіт Арлан кедергілерді еңсеру бойынша, ал Алексей Бражник кермеге тартылудан жақсы нәтиже көрсетті. АӘД жетекшісі Сейткасымов Е.А. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіздерге «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын дамытуда сәттілік пен жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст