АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бауыржан Момышұлы: намыс пен ерлік - батырдың белгілері» тақырыбындағы адалдық сағаты

02.11.2020

«Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК студенттері Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұйымдастырған «Бауыржан Момышұлы: намыс пен ерлік - батырдың белгілері» тақырыбындағы адалдық сағатына қатысты. Өздеріңіз білетіндей, биыл халық қаһарманы болған аңызға айналған қолбасшының туғанына 110 жыл. Бауыржан Момышұлы мұрасы ерлікке, тәртіпті және отансүйгіштікке толы, оның өмірі адалдық, әділдік пен парасаттылық қағидаттарына құрылған. Іс-шараның мақсаты: Бауыржан Момышұлының тарихи рөлін ашу: білім алушыларды адамгершілік қасиеттерге, Отанға деген сүйіспеншілікке, батырларға деген мақтаныш сезіміне, ризашылық сезімі мен интернационализм сезіміне тәрбиелеу. Онлайн-дәріс кезінде жастар қайтадан ұлы полк командирінің ерліктері мен өмірлік ұстанымдарын еске алды. Оның көзқарасы бойынша сенім - адамгершілікке және адалдыққа жетелейтін күш, сенім - үміттің тамыры. Ол өзіне сенімді және әдепті адам ешқашан дөрекілік танытпайтынын және дұрыс жолдан таймайтынын баса айтты. Оның халқына деген адалдығы және ана тіліне деген сүйіспеншілігі ерекше назар аударуға тұрарлық, бұл желідегі сабақта да талқыланды. «Адалдық сағатын» ұйымдастырушылар өскелең ұрпақтың бойына осы құндылықтарды сіңіру арқылы ізгілікті қоғам құруға болатындығына сенімді, сонда ғана жерде сыбайлас жемқорлыққа орын болмайды, ал жоғары адамгершілік адами қасиеттер мен адал еңбек құнды болады.

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст