АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.04.2018

Рухани жаңғыру: Туған жерім – Қазақстан!

 

Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы,

Бүгін саған әлім түгел қарайды.

        Тәуелсіздік тұғыры бар халқымның,

Бейбітшілік таңы әр кез арайлы

-          дей келе әр адам өз туған жерін құрметтеуі, сүюі тиіс. Осыған орай ағымды жылдың 6 сәуір күні «Рухани жаңғыру: Туған жерім – Қазақстан!» тақырыбында ПСК-15 тобында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты: Білімділік:Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілік арттырып, махаббат сезімін ояту.

Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты, ақындарының өлеңдері мен ата-бабаларымыздың қалдырған даналық сөздері арқылы студенттері ұлтжандылыққа атамекенін көздің қарашағындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Тәрбиелік: ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылық жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, Астана қаласына байланысты суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік.

Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттілік тәрбие беру.

Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүниежүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлімге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп асқақтаған Әнұраны шырқалуда, Қазақстанның  жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.

Жас ұландар берік ұста туыңды,

Жарқыратын туған елдің таңбасын –

дегендей Қазақстан Республикасының рәміздерін мақтаныщ етеміз.

Қазақстан-қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан-байтақ. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай, Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.

Ақын-жазушыларымыз

Қандай сұлу, қандай көркем,

Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған. Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт өмір сүруды жақтаған.

            Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің көк байрығымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Ұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпін.

Жаса Қазақстаным,

Жаса, менің ұлы елім!

Просмотров: 460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст