АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

29.03.2018

SMART технологиялары- болашақтың кәсіби табыс жолы

 

XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе SMART технологияларды  қолданудың әдіс- тәсілдерінің пайдасы өте зор.

 

2018 жылдың 15 ақпан  мен 16 ақпан аралығында«Көкшетау қаласы, Жоғары колледжден» 6 оқытушы «Техникалық және кәсіби білім беру үдерісінде   заманауи технология түрлерін және SMART технологияларды  қолданудың әдіс- тәсілдері» семинар- тренингке қатысып, білімімізді жетілдірдік.Нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар табыстады.

Курстың мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында колледж оқытушыларының ақпараттық-білімділік қызметін жүргізуді

қамтамасыз ететін кәсіби құзыреттілік деңгейін дамыту болып табылады. Білім жетілдіру курсының негізгі мазмұны кәсіби оқытушылық білімдерінің, дағды мен шеберліктерінің өсуіне бағытталған.

Біз SMART технологияларының әдіс- тәсілдерін сабақтарда қолданып, икем-дағды қалыптастырып қана қоймай, оның өз білімін жетілдіре отырып, өзін-өзі тəрбиелеп дамытуына жағдай жасауға болатынын, әр баланың танымдық жəне шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық жəне тəрбиелік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану осы жүйені қолдану барысында ойдағыдай жүзеге асырыла бастайтынын түсіндік.Семинар-тренинг барысында шығармашылық топ

мүшелері зерттеушілік оқыту технологиясының белсенді әдістерін тәжірибеде пайдаланудың тиімді жолдарын түсіндірді.

Қазіргі заманда білім кеңістігінің жоғары қызығушылықпен дамып келе жатқан саласы – электронды жүйемен оқыту болғандықтан, электронды оқыту жүйесінің арқасында кейінгі өсіп келе жатқан жас ұрпағымыздың сапалы білім алуына оң нәтиже беретіні анық.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес.Заман талабына сәйкес электронды оқыту жүйесін ұтымды және өз дәрежесінде қолдана білуі қажет.

Smart технологиясының кешенді дамуы – Smart-қалалардың негізі болып табылады, ал бірлесіп жұмыстануымыздың нәтижесінде Smart-Қазақстанды құраймыз деген үлкен мақсатқа қол жеткізуге үміттіміз.

SMART-technologies

‘SMART’ what does it really mean? The true meaning of ‘smart' is likely to be an electronic

device or system that can be connected to the internet, used interactively, and is to some extent

intelligent. For example, one of the technologies is Bubble.us

Просмотров: 582


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст