АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.03.2018

Білімді ел - мәңгі ел!

Наурыздың 1-ші жұлдызында Жоғары колледжде «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты мерекелік кеш өтті. Кештің мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет,

сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі. Біз XXIғасырдың жаһандықкартасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, әлем бізді мәдени жетістіктерімізбен тануы керек. 1-ші наурыз алғыс айту күніне тұспа-тұс келген тәрбиелік шараны колледж директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.М.Алиева және технологиялық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі Е.П. Гаврилова ашып, барша колледж оқытушылары мен студенттерін және колледж мамандықтарымен танысуға келген мектеп оқушыларын айтулы мерекемен құттықтады.

Әсем әнмен, тәтті күймен өрілген салтанатты кеште көрермендер назарына егемен еліміздің қол жеткізген жетістіктері туралы мағызды бейнебаян ұсынылды. Тарихқа толы жылдар бойы алған белестері, елдің осы жылдар бойы жеткізген толағай табыстары анық көрсетілген. Осы кеште көрермендер колледждің сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз студенттерінің өнерлері тамашаланды. Мерекелік кеш Темірбек Ғалымбектің орындауындағы «Балбырауын»

күйімен күмбірлете ашылды.

Мерекелік концерттік бағдарламада әсем дауысты Карбаева Эльмираның орындауындағы «Қазақ осы» әнін,Каппасов Арман мен Қайыржан Набидің орындауындағы «Адай»күйін  көрермен ыстық ықыласпен қабылдады.

ТТ-16 тобының студенттері Рухани жаңғырудың басымдықтарын көрнекі түрде баяндады.

Мақтанам

кең байтақты елім үшін.

Құнарлы

мол шырынды жерім үшін.

Әрқашан

биік шыңнан көрінгін деп,

Тілегім,

о туған жер пейілім шын.

Ақмола облысы тарихи-мәдени мұраға бай, әр алуан мәдени ағымдар легі тоғысқан өлке екендігімен ерекшеленетінін,  «Қазақстанның киелі ескерткіштері» Республикалық тізіміне енгізілген Ақмола облысының 10 нысанын презентациядан тамашалады.

«Рухани жаңғыруды іспен қолдайық» деген ұранмен тәуелсіз елдің жастары қазақ халқы, туған жер, Отанға арналған ән-жырларды ғана емес, елімізге белгілі танымал жастарды, яғни жас кәсіпкерлерді, мәдениет және спорт саласындағы жастарды, қаншалықты білетіндерін көрсете білді. Жас ұрпақ - ел тірегі, ертеңіміздің кепілі.

Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру.

Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Рухани жаңғыру - табысты ел болуымыздың кепілі.

Кеш соңы Дагиман Еламанның орындауындағы «Қазақстан» атты әнімен аяқталды,мерекелік кеш көптің көңілін көкке көтеріп, барша қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.«Жастарымыз бақытты болсын! Еліміздің болашағы сендер арқылы мықты болсын! Қазақстанымыз, еліміз мәңгілік болсын!». Елімізге Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай жаналық ашар білімділер керек. Білімді ел - мәңгі ел!

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст