АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан

31.01.2017

          Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан

   «Көкшетау   қаласы,  Жоғары колледжінде»  «Бірлік» жас маман клубының кезекті отырысы болып өтті. Бұл клубтың алдына қойған мақсат-міндеттері  өте көп. Мақсат- міндеті  жас мамандар  іс-тәжірибесінің шыңдалуына ықпал ету, әдістемелік ақыл- кеңес, бағыт-бағдар беруге бағытталған. Бүгінгі отырыс жас мамандарға ерекше бір  дем берді деп айтуға болады. Бұл іс-шарада –жастарға  ұлағат, кеңес берері мол  тәжірибелі ұстаз, қаламыздағы, Қазақстандағы белгілі  білім шаңырақтарының бірі- Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің майталман ұстазы, ҚР-ның еңбек сінірген ұстазы Мукутова Жұпар Калиевна қонақта.

   Бірінші болып сөз кезегін   алған  ұлағатты ұстаз Жұпар Калиевна «Қазіргі кезде заманауи ұстазға, сабаққа қойылатын талаптар» атты тақырыпта   сөз қозғап, қазіргі заман бой жарыстырар заман емес, ой жарыстырар заман екендігін, болашақ жастарды тәрбиелеуде, тұлғаны қалыптастыруда мұғалімнің атқарар рөлі әр уақыт  жоғарыда тұрғанын  айтып өтті.Тек жоғары тәрбиелі, белсенді адам ғана мұғалім бола алады.Мұғалімге қойылатын талаптар да, міндеттер де өте жоғары. Мұғалім    әр уақыт өзінің инновациялық, шығармашылық ойларымен іс–әрекетті жүргізуші, дамытушы рөлінде  болуы керек.Сөз соңында  Жұпар Калиевна болашақ мамандармен пікірлесіп,ой бөлісе отырып,мамандардың түрлі сұрақтарына жауап беріп, оларға жағдаяттық тапсырмалар ұсынып, тапсырмалардың шешуін тез табудың жолдарына бағыттады.

      Жас мамандар  алдында екінші кезекте сөз кезегін алған колледжіміздің тәжірибелі ұстазы,орыс тілі және әдебиеті пәнінің жоғары санатты  оқытушысы Бекишева Қаракөз Тлеубековна жас мамандарға жылдар бойы жинаған  іс- тәжірибесінен   әдістемелік  ақыл –кеңестер беріп,  күнделікті сабаққа дайындық, оны жоғары әдістемелік тұрғыда өткізуге байланысты, қазіргі заманауи сабақтың құрылымына,оны өткізу жолдарына, студенттермен тіл табысып, олармен жұмыс жасау барысындағы қиындықтарды болдырмау , бола қалса оны шешудің оңай жолдарын айта отырып,сабақ жүргізуде ұйымдастыру кезеңінің алар орны ерекше екенін айта отырып, сабақты  ұйымдастыруда ,жұмыс түрлерін жоспарлауда  әр топтың ерекшелігін, студенттердің психологиясын  есепке ала отыру керектігіне көңіл бөлді.

   Іс - шара соңында Жупар Калиевна  жаңа заман ұстазының қандай болуы керектігін елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа  формация педагогы- рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып,  дамыту үшін жауапты»,- деген сөздерімен аяқтады.

Просмотров: 660


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст