АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алаш тағылымы.

07.06.2017

Алаш тағылымы.

2017 жылдың 25-26 мамыр аралығында Көкшетау қаласында Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық

колледжінде « Алаш тағылымы және тәуелсіздік » тақырыбындағы аймақтық  ғылыми- практикалық конференция өтті.

Алаш партиясының қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар . Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы

болып табылады. Алаш партиясы- 1917жылы  Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүшесі тобынан құралған. Партияның төрағасы – Әлихан Бөкейханов. Партияның негізгі мүшелері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков және т.б. Конференцияның мүшелері ретінде: Тұрсын Жұртабай, Серік Негимов, Дихан Қамзабекұлы, Қайырбек Кемеңгер, Мәлікова Сәуле сияқты  ғұламалар қатысты.  Осы конференцияға Көкшетау қаласы, Жоғары колледжінің оқытушысы Дәулеткереев Ө. А.қатысты. Конференция тақырыбы «ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларымен Башқұрт саяси элитасы өкілдері ,оның басшысы Зәки Уәлиди Тоғанның идеялық ықпалдастығы » туралы баяндама дайындады.

Жалпы қорыта айтқанда, Алаш қозғалысы мен башқұрт ұлттық саяси элитасы өкілдері арасындағы байланыстың

негізінде екі халықтың жарқын болашағына қол жеткізу деген ниет жатты.Бұл ниет орындалды деп бүгінгі күні әбден айтуға болады.Қазақ елі , қазақ жерінің  тәуелсіздігі  қолына тиіп, көк байрағымыз ашық аспанда желбірей берсін!

Просмотров: 284


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст