АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

01.07.2017

EXPO-2017 – елдің елеулі көрмесі

EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу -Қазақстанның негізгі ірі жобаларының

бірі. Бұл ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға жалғасады.

     Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйымдары қатысуда.

Осыған орай 2017 жылғы 16 маусым күні Көкшетау қаласы, Жоғары колледждің топ жетекшілері Асемгүл

Ермекқызы мен Арайлым Кенжебайқызының жетекшілігімен ТС-15, ПСК-15, ВТ-15, ТСП-14 топтарының студенттері аталған EXPO көрмесіне қатысты.

Студенттердің назарына EXPO көрмесінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі халықтардың өндірістік қуаты ұсынылды және олар елдердің ғылыми жетістіктерімен, мәдениеттерімен, қолөнерлерімен танысты. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтуде.

Көкшетау қаласы, Жоғары колледждің басшысы Есләмова Ақнұр Қабиденқызы студенттерге Астана қаласында өтіп жатқан EXPO-2017 көрмесіне қатысу мүмкіндігін ұсынды. Соның нәтижесінде студенттер көрмеден кейін үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен оралды. 

 

 

 

Просмотров: 416


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст