АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл – халық қазынасы»

28.09.2017

Мақала авторы: Кусаинова А.Т.

Шөкімова Ә.М.

Жұмыс орны: Көкшетау қаласы,

Жоғары колледж

Лауазымы: қазақ тілі және

әдебиеті пәндерінің оқытушылары


                                           

«Тіл – халық  қазынасы»

 

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қуанышым, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым,пәктігім.


        Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Көкшетау қаласының  Жоғары колледж іргесінде «Тіл – халық қазынасы» атты мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан халықтарының тілдері мәртебесін көтеру

мақсатында 18-22 қыркүйек аралығында тілдер мерекесі апталығы өтті.Тілдер апталығы аясында бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды.  Мерекелік іс – шараның алғашқы күнгі салтанатты жиыны Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі Х.Ш. Қожабаева колледжішілік өтетін

апталық іс – шаралармен таныстырды.

Тілдер апталығының өтілу барысында І-ІІ курс студенттері арасында қазақ тілі пәнінен колледж деңгейіндегі олимпиада өткізілді. Олимпиада  екі турмен өтті. Студенттер ауызша және жазбаша білім деңгейлерін көрсетіп,  жеңімпаздар анықталды.

Сонымен қатар, ГЕО-17 тобы  студенттерімен оқытушы С.Ж.Сейлбекова «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты танымдық турнир өткізді.Топ екі топшаға бөлініп студенттер қызығушылықпен қатысып, өз білімдерін көрсете білді.Турнирде мақал-мәтелдер , фразеологизмдер мен жасырын сөз сайысы және т.б қызықты тапсырмалар қарастырылды. Әдістемелік бірлестіктің оқытушылары күшімен І-ІІ  курс студенттері арасында «Әлем таныған Қазақстан» атты шығарма сайысы өткізілді. Студенттер еліміздің жетістіктерін, Қазақстанның әлем елдері арасында өз орны бар екенін  дәлелдеп, тұжырымдап  ойларын шығармаларында көрсете білді.

       Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі Х.Ш. Қожабаева «Болашақ энергиясы» атты слайд -шоу байқауын өткізді. Байқаудың алдында оқытушы биылғы жылы елімізде өткен үлкен әлемдік іс-шара ЭКСПО-2017

байқауы туралы айтып өтті.

Студенттер белсенділік танытып, презентацияларын ұсынды. Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстар арасынан ең үздік дегендерін іріктеп  алынып,женімпаздарды анықтады.

  Қасиет қонып, бақ дарыған киелі  Көкше  өңірі ақын- жазушыларға бай өлке , -деп  бекер айтылмаған. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы  Есентурова Бақыт Саттыбалдықызының  ұйымдастыруымен  1-2 курс студенттері арасында «Өлең- сөздің патшасы- сөз сарасы» атты  өлеңді мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.  Сайыс екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде жастайынан бойларына біткен ақындық қабілеттерінің арқасында қолына қалам алған жас ақындар студенттер өздерінің  төл туындыларын көрермендер назарына  ұсынды. Ал екінші кезеңінде   қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыды. Бұл іс-шара көрермендер көңілінен шықты.  Қазылар алқасы өз бағаларын беріп ,жеңімпаздарды анықтады.

Апталықтың жабылу салтанатты кешінде женімпаздар марапатталды. Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қантамыры сияқты. Егер де қантамыры жабылып қалса,  жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлеп, қастерлей білейік!

Просмотров: 457


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст