АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

18.11.2017

Шығармашыл ұрпақ – білімді болашақ.

Студенттермен жұмыс істеу, олармен түрлі іс –шаралар өткізу – қызық та маңызды жұмыс.  Бұл жұмыс ұстаздың

іскерлігімен, оның іс – тәжірибесімен тығыз байланысты деп айтуға болады.

«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол- жаңадан жаңаны табатын өнер» деп  Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, бүгінгі  оқыту жүйесінде студенттің  шығармашылық қабілетін танып, оның ой- өрісінің  дамуында ұстаз басты рөл

атқарады.

Студенттерді ғылым- білімге жетелеп, болашақ өмірге жетелеу ұстаздың міндеті.Ұстаз- олардың бойындағы дарындылықты байқап,дамытып,алдағы жұмысты  жоспарлап,қабілетін, дарынын дамытуға  бағыттаушы.

Биылғы жылы біздің колледжге оқуға түскен студенттердің ішінде   өнерлі,  өлең шығаруға қабілеттері бар оқушылар

бар.Осындай студенттердің бірі- ТС-17 тобының студенті Ахметқұл Ақбота.Бұл студенттің  өлеңдерінің негізгі тақырыбы: туған жерге, туған тілге деген сүйіспеншілік, қазақтың салт- дәстүріне деген сыйластық,  қазақ жерінің

тарихына,халықтар достығына арналған.Осындай  тамаша өлеңдерінің бірі: «Мен қазақпын!».Туған жер тақырыбында жазылған өлеңі Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Эрудит»

интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен Республикалық жас таланттар байқауына қатысып, ерекше шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін 1 орынды Дипломмен марапатталды. Өнерің өрге жүзсін, қанатың талмасын, Ақбота! -дегіміз келеді.

 

 

Мен қазақпын

 

Мен қазақпын...

Жүрегім менің соғар мәңгі «қазақ» деп!

Азатпыз біз, Тәуелсіз бір мемлекет!

Сөз басында айту керек ол жайлы,

Бәрімізге қамқор болған Президент!

 

Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы

Компартияның болған еді бас хатшысы,

Қуанышты жағдай болды, содан кейін,

«Президент» боп сайланды, ел басшысы.

 

«Мен қазақпын», туылдым мен «қазақ» боп,

«қазақ» деп жүрегімде жалын, от!

Ризамын мен «қазақ» болып туылғанға,

Тәуелсізбін, мына менде арман бар ма?!

 

Қазақтардың кейбірін түсінбеймін,

Сән ғой деп, орыс тілде сөйлейтінін.

Арманым туған елім Қазақстанда,

Барша халық  «қазақ

тілін» білсе деймін!

 

Түсінемін, әр тілді білу керек,

Болашақта міндетті түрде керек.

Алайда, қазақ болып туғаннан соң,

Ана тілін ешқашан да сатпау керек!

 

Шашпаймын, бар халыққа топырақты,

Қазақ тілде сөйлейтіндер 

баршылық-ты.

Барша халық орыс тілде сөйлейтіндер

«Қазақ тілі қиын ба еді соншалықты?

 

Қазақ боп туғаннан соң, қазақ балаң,

Өз тілін білу керек қаншама жан.

Туған жерің Қазақстан емес пе?

Қазақ бол, осыларды салам еске.

 

 Мен қазақпын...

Қазақ болып қала берем,

Туған елім- Қазақстанды мақтан етем!

Ешқашан да «Ана тілді» тастамаймын,

Әрқашан да, Ана тілде сөйлей берем!

Просмотров: 378


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст