Үлгілі ұстаз-
ұжым мақтанышы
Ұзақ жылдар ғұмырын ұстаздыққа арнаған Көкшетау қаласы, Жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу- әдістемелік бірлестік жетекшісі, жоғары санатты оқытушы Кожабаева Халима Шариповна— білім ментәрбиеге ерекше ден қойған білікті педагог, ұлағатты ұстаз.
Отыз тоғыз жыл бойы ұстаздық еткен оның жыл сайынғы жетістіктері зор.
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –қазіргі білім алушы жастар, мамандар, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп Қазақстан
Президенті Н.Назарбаев айтқандай, XXI ғасырдың ғажайып жетістіктерін игеру білімді, іскер, жас ұрпақтың шығармашылық қабілетіне қарай, жаңа тұтанған алауды жағу, жарқырату, тереңдете түсуде өзінің кəсіби
жолында осы қағидаларды ұстанады. Биылғы оқу жылында үлкен жеңіске, жетістікке жетті.
Атап айтар болсақ, жылдар бойы жасаған еңбегінің жемісі 2017 жылы ҚР білім беру Министрлігі Жас ұрпақты
оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапатталды.
Ұстаз - талай шəкіртті білім нəрімен сусындатқан, «ұлағатты ұстаз» деп ауыз толтыра мақтауға лайық жандардың бірі.
«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» демекші, білімді шəкірт тəрбиелеген ұстаз –Халима Шариповнаның толағай жетістіктері мен марапаттауларын ұжым мақтан етеді.
Тағылымы мол тәлімгер, тәжірибелі ұстаз Халима Шариповна бүкіл саналы өмірін қасиетті ұстаз мамандығына
арнап келеді. Ұжымда ақылшы, жанашыр, еңбекқор ұстаз ретінде беделі зор. Ол әруақытта жас ұрпаққа сапалы білім, сапалы тәрбие беру жолында бағыт –бағдар беруді үлкен жауапкершілік деп танитын тұлға. «Үздік педагог-2015» конкурсына қатысып, ұзақ жылдар бойы студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие берудегі және авторлық бағдарламалар құрастырғаны үшін колледж директоры ІІІ дәрежелі дипломмен марапаттады.
Ол сонымен қатар пәндер бойынша әдістемелік бағдарламалар, жинақтар жазып, V, VI, VIІ Халықаралық білім беру және біліктілікті арттыру жүйесіндегі педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесіне қатысып, сертификаттар мен грамоталарды жыл сайын иеленіп отырады.
Халима Шариповнаның мамандықтарға байланысты 3 кітабы басылымдардан шығып, қолданылып жүр. Олар: «Кәсіби қазақ тілі» оқу құралы, «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығына арналған, «Машинажасау технологиясы» мамандығына арналған «Кәсіби қазақ тілі» оқу құралы, «Кәсіби қазақ тілі» оқу құралы, «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және
пайдалану» мамандығына арналған, 2- басылым.
ҚР техникалық және кәсіптік білім беру туралы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудағы белсенді және жемісті
әріптестігі үшін «Фолиант» баспасы арнайы дипломымен марапаттады.
Ол шәкірттерін пәнді сүюге баулудың жаңа қыр-сырын үйретіп, студенттердің белсенділігін арттырып, жаңа технологияларды тиімді әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдаланады. Өзінің ғылыми-әдістемелік жұмыстары бойынша іс-тәжірибесімен, мамандықтар бойынша өзі шығарған кітаптарының тиімділігін конференциялар мен семинарларда бөлісіп отырады.Ұлттың, елдің болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлесі үшін 2001 жылы еңбектегі жоғары біліктілік пен жетістіктері үшін Облыс білім департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталған ұстаз. Кожабаева
Халима Шариповна—колледждің үлкен жетістіктерге жетіп, алдыңғы қатарда болуына зор үлес қосып келе жатқан ұстаз. Мінезімен де, білімімен де ерекшеленетін тәлімгер ұстазымызды біз ерекше құрметтейміз.
Халима Шариповна — өз білгенін, көргенін тек ұжымға ғана емес, барлық қала, облыс мұғалімдеріне де үйретуден жалықпаған ұстаз. Сондықтан Кожабаева Халима Шариповнаны «ұстаздардың ұстазы» деп айтсақ, артық емес.
Жаңалыққа жаны құмар, өз мамандығын жан-тәнімен сүйген, «өзің үйрене жүріп, өзгені үйрет» деген ұстанымы бар кейіпкеріміздің алдағы уақытта әлі де толағай табыстарға жете беретіндігі күмән туғызбайды.Қажырлы еңбегі мен ізденімпаздығының арқасында жас ұрпақты өнегелі етіп тəрбиелеуде, шəкірттерінің биік белестерді бағындыруына жол ашып жүрген ұлағатты ұстаз Халима Шариповнаға алдағы еңбек жолында толағай табыстар мен жеңістер тілейміз.