Текст
Спорттық жетістіктер
Ағымды жылдың 16-19 қараша аралығында Степногорск қаласында ТжКБ ұйымдары арасында «Кезең» облыстық спартакиада бағдарламасының аясында бойжеткендер арасында баскетболдан жарыс өтті. Жарысқа 14 команда қатысты. Командалар 4 шағын топқа бөлінді. Біздің топта «Щучинск қаласы, Жоғары колледжі» МКҚК және Красный Яр селосының №3 АТК командалары болды. Шағын топтарда екі жеңіске жетіп, біздің бойжеткендер жартылай финалға шықты. Алайда, Щучинск қаласының Педагогикалық колледжінен ұтылып 3-ші орынды иеленді. Біздің бойжеткендер командасы Бозайғыр ауылының №5 АТК командасын 37:6 ұпайымен жеңді.