АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.02.2018

Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында М. Жұмабаев атындағы Ақмола облысының ғылыми

әмбебап кітапханасына саяхат

      Рухани Жаңғыру бағдарламасын кеңінен насихаттау барысында М. Жұмабаев атындағы Ақмола облысының ғылыми әмбебап кітапханасына Кокшетау қаласының «Жоғары колледж» студенттерімен бардық. Топты басқарып ағылшын тілі мұғалімдері Даулетова Ж.С мен Қожахметова Д.У. барды. Топ «Обогащение полезных ископаемых» -16. Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру саясында кітапхана қызметкерлері студенттерді коптеген мәліметтермен хабардар етті, «21 ғасырдағы ұлттық сана», «Бәсекелік қабілет», «Прогматизм»,  «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», саясында әңгіме қозғады.

Ел басының алдына қойған мақсаттарының бірі «Таяу жылдардағы міндеттер» тақырыбында видео материалдар корсетті. Қазіргі информация заманның жастары интернеттен жақсыдан қарағанда жаманды өз бойларына көп қабылдайтынын ескере отырып «Білімнің салтанат құруы» тақырыбында әдеби кітаптарды көп оқуға шақырды. Кітапхана ішінде барлық бөлімдерін көрсетіп, кітапхана қорына экскурсия жасады. Кітапты қалай алып оқуға болатынын, кітапханаға тіркелу, кітапханады өзін – өзі ұстау мәдениетімен таныстырды. Мобильді кітапхана - яғни адамдарға қолайлы болу үшін заманауи мобильді кітапхана қарастырылған. Кітап оқу керек болса көлікте, кезекте тұрып мобильді кітапханадан телефон, смартфондар арқылы оқуға болатынын айтты.

      Бізге жетекшілік еткен «Шетел тілдер бөлімінің» меңгерушісі Наталья Борисовна студенттерді қызықтыра білді. “English language Department” бөлімі ағылышын, неміс, француз, қытай, жапон тағы басқа тілдерде кітап қорымен өте бай екен. Тіпті студенттер геология саласында ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде кітаптардың коп екеніне көздері жетті. Геологияның даму саласында ағылшын тілінде видеороликтер қарадық.

      Латын әліпби тақырыбында сөз қозғалып, сұрақ жауап алынды. Кітапханда 2008 жылы латын әрібінде басылып шыққан қазақ тіліндегі кітапты балалар қолдарына ұстап оқып та көрді. Ағылшын тілін оқып жүрген студенттерге латын әрібінде текст оқу қиынға соқпады.

      Қортындылай келе әлі де жастарымыз білімге құштар екенін көрсетті. Студенттердің барлығы кітапханаға жазылып кетті. Көрген кітаптарға қызушылық білдірді.

Просмотров: 370


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст