Біз өткенді қадірлей отырып болашақта атқарылатын жұмысқа бағдар жасаймыз
Рухани жаңғыру бағдарламасы бөлімдерінің бірі «Тәрбие және білім», «Болашаққа бағдар» тақырыптары аясында ағылшын тілі пәнінен «Көне және келешектегі транспорт» атты ашық сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты: балалардың өткенді қадірлей, қазіргіні бағалай, болашақты болжай білуі. Өз бетімен білім алып, шешім қабылдай білулерін дамыту, шетел тіліне қызығушылығын арттыру. Әрине осы мәселелердің баяндамасын студенттер ағылшын тілінде жеткізді. Іс - шара ағылшын тілінде өтіп, сабақта студенттер топтық, жұптық және өз еркімен жұмыс жасады. Қазақстан және Англияға саяхат жасап, екі елдің көлік жүйесін танып, салыстыра білді. Іс-шарадағы жасаған саяхат студентерге ұнады және де олар бұл іс – шараға белсене қатысты.
Мақала авторы: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Даулетова Жадыра Сериковна