АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22.02.2018

Білімді, қабілетті маман даярлау – басты міндетіміз.

                          

Жоғары колледж әдіскері: Есентурова Бақыт Саттыбалдықызы

   2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада Қазақстан Республикасында білім беруді дамытуды, соның

ішінде техникалық  кәсіптік білімге ерекше көңіл бөлінген. Осыған орай  еліміздің білім  беру саласының алдында тұрған басты міндеттерінің бірі- әлемдік қауымдастықта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.Осы бағытта біршама жұмыстар қолға алынып отыр. Олардың ішінде:

-білім берудің  мазмұнын жоғарылату;

-білім беру ұйымдары желісін дамыту;

-инженерлік ғылымдар даярлауға  ерекше көңіл бөлу;

- білім берудің мазмұнын жоғарылату;

Аталған міндеттер   білім беру  саласына үлкен жауапкершілікті жүктейді.Білім беру мекемелерінде еңбек нарығы сұранысы мен жұмыс берушінің талабын қанағаттандыратын маман даярлау қажеттігі туындайды.Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында біздің оқу орнымызда да аз жұмыстар атқарылып жатқан  жоқ.Білім беру жүйесіндегі реформалардың  басты бөлімі жаңа ақпаратты технологиялар процесін енгізу болып табылатындықтан, күнделікті оқу процесіне инновациялық –педагогикалық технологиялардан бағдарламалар әзірленіп, әдістемелік- білім беру үдерісіне автоматтандырылған ақпаратты жүйе  енгізіліп отыр.

Осы міндеттерді орындап , әрі қарай  іске асыру мақсатында студенттермен түрлі тәрбиелік, танымдық, олардың  ой- өрісін , іденушіліктерін дамытуға бағытталған іс- шаралар жоспарланып, өткізіліп тұрады.Осы аптада ақпанның 19-24

аралығында  Жоғары колледжімізде  «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бөлімінде пән апталығы басталды.Бұл апталықтың мақсаты-  студенттердің бойында өз бетімен іздену дағдысын қалыптастыру,алған

терең  білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету,шығармашылық, ізденушілік қасиеттерін қалыптастыру.

  

Апталықтың ашылуына арналған  «Информатика ғылымы әлеміне саяхат » атты   іс- шара осы бөлімнің оқытушылары Козорез Артем Николаевич   және Тарасевич Ия  Владимировнаның жетекшілігімен  ұйымдастырылып, ИС-15,Ис-16,ИС-15-1,ГАЛ-17-1 топтарының студенттерінің  қатысуымен өтті.Іс –шара барысында ақпараттық технологиялар , оның шығу тарихы, ғаламтордың адамзат өмірінде алар орнына байланысты викториналық сұрақтарға студенттер белсенді  жауап берсе, әрі қарай студенттермен  топтық, ұжымдық қызықты  тапсырмалар  орындалып,соңында -танымдық бағыттағы, студенттердің өз ойын ашық айтуға  бағытталған тапсырмалар   орын алды. Іс-шара 4 кезеңнен тұрды:

1)   «Мамандықтағы-информатика»

2)   «Қызықты сұрақтар»

3)   «Таныс келбеттер»(информатика ғылымы саласында еңбектері сіңген ұлы тұлғалар туралы)

4)   «Футбол» атты  сайыс(3 топтың бір- біріне информатика пәні бойынша ғылыми деңгейдегі сұрақтар қоюы)

Іс –шараның әр кезеңінде оқушылар белсенділік танытып,өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын, көзқарастарын байқатты.

Бұл іс- шара өз мақсатына жетті деп айтуға болады. Болашақ мамандарға болашақ мамандықтарын игеруде табыс тілейміз!

   

Просмотров: 335


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст