АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Kókshetaý qalasy, joǵary tehnıkalyq koleji" MKQK 2019 jylǵa memlekettik qyzmet kórsetý máseleleri boıynsha esebi

18.02.2020

«Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК 2019 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету туралы есебі. Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Ақмола облысының білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК 2019 жылы 8 мемлекеттік қызмет көрсетті. Көкшетау қ. «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚКұсынатын 8 қызметтің 1-і «Азаматтарға арналған үкімет» мен Ақмола облысындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары үшін «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру» арқылы көрсетіледі. 2019 жылы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК 1480 мемлекеттік қызмет көрсетілді (оның 35-і «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы). «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес ақысыз түрде көрсетіледі. Сараптамалық анықтамалар негізінде колледж 2019 жылы келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетті: 1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 35 2) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау – 751 қызмет. 3) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы студенттерге жатақхана беру – 455 қызмет 4) Техникалық, орта білімнен кейінгі білімін аяқтамаған адамдарға анықтама беру – 11 қызмет 5) Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына студенттерді ауыстыру және қалпына келтіру -83 қызмет. 6) Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогтары мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттауға құжаттар қабылдау – 11 қызмет. 7) Оқу орындарындағы студенттерге академиялық демалыс беру – 29 қызмет. 8) Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қамқоршылыққа алынған адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының студенттері мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру - 105 қызмет. Оқу мекемесінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған E-gov өзіне-өзі қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Оқу ғимараттарында ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты адамдар «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас дағдыларын дамыту» тақырыбында тренинг өткізді. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК 2019 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуы арналған жоқ.

Просмотров: 353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст