АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

VTK-K komandasy - "Jiger"oblystyq spartakıadasynyń jeńimpazy!

28.01.2020

 ЖТК-К командасы «Жігер» Спартакиадасының жеңімпаздары! Ағымды жылдың 22-25 қаңтар аралығында Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледж қарамағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналып, Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінің студенттері арасында «Мерген» пневматикалық винтовкадан ату бойынша облыстық жарыс өтті. Облысымыздағы 11 колледждің 70-тен астам студенті екі күн бойы ең жақсы «мерген» атану мүмкіндігі үшін күресті. Бозбалалар тік тұрып ату, тізеден ату, екі әдіспен 40 атыс (2х20) шеберліктерін көрсетті. Жабық сайысқа Ауған соғыс ардагерлерінің аймақтық Одағының төрағасы Ибраев Д.К.,Ақмола облысы білім басқармасының ТжКБ бөлімінің бас маманы Бекбаев К.А., Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Облыстық дене тәрбиесі, спорт және АӘД оқу-әдістемелік орталығының директоры Ермуханов А.А.,Ауған соғысының ардагерлерін, облыстық колледждердің АӘД жетекшілері қатысты. Жарыстың нәтижелері бойынша жалпы командалық есеппен орындар келесідей бөлінді: 1-ші орын – Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледж, АӘД жетекшілері: Сейткасымов Е.А., Воронов Ю.В. 2-ші орын – Шағалалы ауылы, жоғары агротехникалық колледж 3-ші орын – Спепногорск қаласы, индустриалды-техникалық колледж 1,2,3-ші орындарды жеңіп алған командалар кубоктармен, дәрежелі дипломдармен, құнды сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, колледждерінің АӘД жетекшілері мен жарыстың ұйымдастырушылары, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің облыстық Одағының төрағасы Д.К. Ибраевтың грамоталары мен құнды сыйлықтары табысталды. Жаттығуларда жақсы нәтиже көрсеткен команда мүшелері дипломдармен және медальдармен марапатталды. Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледждің студенттер командасын Д. Резанованы, Д. Шахманованы, Д. Браунды, А. Тренкинаны, И. Акулянды жеңістерімен құттықтаймыз ! Сіздерге жаңа спорттық жетістіктер мен табыстар тілейміз!

Просмотров: 331


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст