АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Eriktiler jylynyń saltanatty ashylýy

28.01.2020

Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжде «Еріктілер жылына» арналған салтанатты ашылу рәсімі өтті. Форумның мақсаты - студент жастарды еріктілер қатарына тарту болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды – «Еріктілер жылы» деп жариялағаны баршаға мәлім. Қазіргі таңда біздің колледжде 100-ден астам еріктілер және еріктілер орталығы жұмыс істеуде. Еріктілік - бұл адамның өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы. Еріктілер өздерінің мейірімді әрекеттерімен көмекке мұқтаж жандарға көмектерін тигізуде. Сондықтан еріктілер қозғалысының нышаны - бұл ашық жүрек, ізгі ниет, қайсарлық пен жанашырлықты білдіреді. Бүгінгі таңда әрбір ерікті бұл – еріктілердің күнделікті іс-әрекеттері адамдарға қуаныш пен үміт ұялататын біздің заманымыздың батыры десек артық болмас. «Нұр Отан» партиясының “JasOtan” жастар қанатының орынбасары Букеш Гульназ, «SD Entertainment Продюсерлік орталығының» жетекшісі Балтабаев Аблай Форумның қонағы болды. Форум соңында үздік еріктілер алғыс хаттармен марапатталды. «Еріктілер жылы» колледж студенттері еріктілер қозғалысының дамуына өз үлестерін қосады деп сенеміз. Біздің ұранымыз - «Біз біргеміз!» - «Мы - вместе»!

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст