ТС-18 және ТС-19-11 топтарында "Есірткі – менің тақырыбым емес" тақырыбында кураторлық сағат өтті. Бұл іс-шараның мақсаты-студенттердің зиянды әдеттерінің алдын алу. Студенттер есірткі қолданудың себептері, нашақорлар кімдер, есірткіні қолданып көріңіз деп ұсыныс жасағандарға қалай жоқ деп айтуға болады? деген сұрақтарға жауап іздеді. Сонымен қатар, студенттер "Нашақор-10 жыл ауыр есірткіден кейінгі монолог", "Есірткінің зияны туралы фильм", "Нашақормен сұхбат - тәуелділікті қалай жеңуге болады" бейнефильмдерін тамашалады. Студенттер спортпен шұғылдану қабілеттерін дамыту керек екендігі, жаңа таныстарымен мұқият болу керектігі туралы өз ойларын ашық айтты. Сабақ соңында кураторлық сағат қорытындысы шығарылды: "Өз келешегіңізді ойлаңыз және есірткіге өз өміріңізді, жақын адамдарыңыздың өмірін құртуға жол бермеңіз".
Оқытушылар: И.А. Шарук, А.Н. Умурзакова