АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Театрға саяхат

16.11.2019

       Сіз «театр» сөзін естігенде көз алдыңызға нені елестетесіз? Сахнаның құпия тереңдігін ашатын шымылдықтың тым-тырыс сыдырлауын ба? Әлде әсем аспашамның жарқырауы мен көрермендер залының қараңғылығын ба? Шынымен, бір салтанатты мереке тәрізді ғой? Театрға бару нағыз мереке! 2019 жылдың 2 қараша күні біз З-ПАРИК-19-2 тобымен Ақмола облыстық орыс драма театырына бардық, мұнда «TeART – Көкше» бірінші Халықаралық фестивалінің шеңберінде Алматы қ. Мемлекеттік қуыршақтар театырының ұжымы А.Зайцев режиссерінің «Ана жүрегі» қойлымымен сахнаға шықты. «Ана жүрегі» қойлымының негізінде ұлы анасын ұмытып, туған анасынан безгені туралы оқиға. Оның моласында ғана есін жиып, тек анасы ғана оны шын жүректен сүйгенін түсінді. Ана мен бала. Қаншама ғасыр ағыны өтсе де, өмірдің кілтін ұстап тұрған осы егіз ұғым ешқашан құндылығын жоғалтпақ емес. Ана балаға, бала анаға тәуелді. Бірақ, біз бүгінгі заманда бұл түсінікті қалай қабылдаймыз? Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың деп жатамыз. Әркімнің анаға деген меккесі жүрегінде. Ал бүгінгі жастар ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты қалай түсінеді?.. Олардың ойлағаны не?! «Ана жүрегі» қойылымы арқылы біз осы сауалдарға жауап табуға тырыстық. Жауаптың шешімі де Сіздің жүрегіңіздің қалауында.

                                                                                                                                                                                                                                                            М.Тастембекова, З-ПАРИК-19-2 тобының кураторы

Просмотров: 439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст