АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 Қазан – даналық пен мейірімділік күні!

03.10.2019

          Қарттарым жүректерің неткен дархан, Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң. Жолыңды жүріп өткен қарасам мен Оқитын келешекте бір - бір дастан. Таң атып күн де шыққан өздеріңмен, Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен. Тербедің көктем бағын самал болып Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен, - деп бүгін Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледже мейірімділік пен даналықтың мерекесі 1 Қазан – Халықаралық қарттар күні аталып өтті. Аталмыш мейрам күні колледжіміздің педагогикалық ардагерлері мен қызметкерлері біздің сыйлы қонақтарымыз болды. Қонақтарды «Номад» және «Алия» патриоттық клубтарының мүшелері қарсы алды. Мерекелік іс-шара «Жастар жылы» аясында колледж студенттерінің ұйымдастыруымен «Ардагерлермен тал егу» патриоттық науқанымен ашылды. Ұрпақтар өзгеріп отырғанмен, отырғызылған талдар жыл сайын жасылданып, адамдардың көзайымына айналатыны баршаға мәлім. Шақырылған қонақтарға ізгі тілекпен колледж басшысы Ақнұр Қабиденқызы Есләмова сөз сөйлеп, пелагогикалық ардагерлер мен қызметкерлерді белсенді өмірлік ұстанымы, өскелең ұрпақтарды тәрбиелеуде қосқан үлестері үшін қонақтарға алғыс білдіріп, колледждің жетістіктері жайлы айтып берді. Студенттер атынан түрлі ән шашу шашылды, өлеңдер мен жылы тілектер айтылды. Колледж әкімшілігі атынан педагогикалық ардагерлер мен қызметкерлерге естелік сыйлықтар табысталды. Қонақтарымыз ұйымдастырылған тамаша кештің арқасында үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен оралды. Аса қымбатты біздің педагогикалық ардагерлеріміз бен қызметкерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт пен қажымас қайрат тілейміз. Аға буынның өмірлік тәжірибесі мен даналығы жастар үшін үнемі үлгі болғай.

 

Просмотров: 456


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст