АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай – дара, Абай – дана қазақта!»

20.09.2019

Көп адам дүниеге бой алдырған,

 Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

- демекші, Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінің «Сәулет» мамандығы бойынша А-19 тобының студенттері ағымды жылдың 18 қыркүйек күні менің жетекшілігіммен «Қазақстан Республикасы халқының тілдер апталығы» аясында қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған «Абай-дара, Абай-дана қазақта!» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Аталмыш іс-шара аясында топ студенттері Кулиш Анастасия және Газиков Усман Абай атамыздың өмір жолын баяндап, Кабдушев Али «Көңіл толқыны» және «Салкүрен» күйлерін орындаса, Боранқұл Дидара мен Шахманова Диана Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін шырқады. Сондай-ақ Рахмиджанова Камила, Арыков Ельнар, Акмагамбетова Анель, Есимов Абзал және Кошкинбаева Аружан Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерін, айта кетсек «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» «Қыс», «Ғылым таппай мақтанба», «Жаз», «Адам болам десеңіз» «Күз», атты өлеңдерін мәнерлеп жатқа атты. Казбекова Шұғыла «Қамажай» биін орындады. Көрермендерге Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты түрлі сауалдар қойылды. Мерекелік іс-шара соңында ағайынды Актаев Азамат пен Актаев Мақсат өз қолдарымен салған Абай атамыздың портретін Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжіміздің мұражайына сыйға тарту етті.

Просмотров: 1449


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст