АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Соғыс – ердің ісі

13.05.2019

     Соғыс – ердің ісі. Алайда, XX-шы ғасырдағы Ұлы Отан соғысына медициналық персонал ретінде ғана емес, қолдарына суық қару ұстап Отанды қорғауға ерлермен бірге мыңдаған қазақтың қыз-келіншектері де өз ерліктерімен майданға аттанып, жауынгер атанды. Ерліктері ерден кем емес қазақ қыздары соғыстың қызу жерлерінде соғысты. Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледждің студенттері «Қатыгез соғыс» әдеби-музыкалық композицияда кейбіреулердің тағдыры туралы әңгімелеп берді. Қазақ даласының қос сұңқары Әлия мен Мәншүкті бүгін кім мақтан етпейді. Бүкіл дүниежүзі жырына қосып, ерлігіне бас иді. Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова жиырма бір жасында туған елінің құрметі мен еркіндігіне арналған шайқаста қайтыс болды. 1944 жылы Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Қазақстандық жалғыз әйел ұшқыш, штурман, гвардия лейтенанты ержүрек Хиуаз Доспанова Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы 300 жауынгерлік жасады. Немістер «түнгі мыстандар» деп атаған өзінің полкімен бірге Германияға жетті, нақтырақ айтқанда Германияға ұшып барды. Роза Бағланова әртістер бригадасының құрамында Қызыл әскер солдаттарының алдында ән шырқады. «Осы қазақ апаларымыздың қаһармандылығының арқасында біз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз. Еліміз Отан үшін қан төккен қазақ батырларын ешқашан ұмытпаймыз», - деп студенттер атап өтті. Іс-шараны ұйымдастырған топ жетекшілері: Барнюк Н.В., Навицкая З.Т., Касымова С.Е.  

Просмотров: 358


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст