АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

10.04.2019

     Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, нәзіктіктің, инабаттылықтың символы ретінде қараған. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің СР-11, ИС-18, СР-31, ЗВТК тобының қыздары арасында қыздарға арналған «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатынының мақсаты: қыз балалардың бойындағы рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық қасиеттерін дамыту. Сонымен қатар, ерте жастағы жыныстық қатынас пен ерте жүктіліктің әлі қатаймаған жас бойжеткендеріміздің денсаулығына қаншалықты ауыр екені, оның салдары қандай болатыны туралы ақпараттар берілді. Колледж медбикесі Гүлсім Хасенқызы «Ерте жастағы жыныстық қатынастың денсаулыққа зияны туралы және жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулар» жайында баяндамасын оқып, түсіндіріп өтті.

Просмотров: 310


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст